Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті қыз, тоғыз ұл: Әйел 16-шы баласын дүниеге әкелді

Әйел 16-шы баласын дүниеге әкелді
Фото: Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаменті

Мәскеуде әйел 16-шы сәбиін дүниеге әкелді. Енді оның отбасында тоғыз ұл мен жеті қыз тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты 8 шілдеде Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаменті жария етті.

Ведомство мәліметінше, әйел өміріндегі ең маңызды сәттердің бірін тағы да №29 қалалық клиникалық аурухана перзентханасының дәрігерлеріне сеніп тапсырған. Босану сәтті өтіп, дүниеге ұл бала келген. Нәрестенің салмағы – 4200 грамм, бойы – 56 сантиметр.

“Қазір ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы. Олар жақындарының құттықтауын қабылдап жатыр”, – деп хабарлады Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаменті.

Дәрігерлердің айтуынша, босану білікті мамандардың жіті әрі мұқият бақылауымен өткен. Сәби дені сау болып дүниеге келген.

Айта кетейік, әйел 22 жасында тұрмыс құрып, тұңғышын 23 жасында босанған. Ол бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін “Ана даңқы” орденімен марапатталған. Оның өзі де көпбалалы отбасында өскен: анасы тоғыз туған баласы мен жеті асырап алған баланы тәрбиелеген.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 09 Шілде, 2026 13:48