Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен ер адам бір топ жігіт ұрып кеткен (видео)

Желіде Алакөл жағасында ер адам мен әйелдің жыныстық қатынасқа түскені түсірілген видео тарады. Оларды байқап қалған бір топ жас ер адамды соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Алакөл көлінің жағасында ер адам мен әйелдің көпшілік алдында әдепсіз әрекетке барғаны түсірілген бейнежазба тарады.
Бейнежазбаға сәйкес, оқиғаны байқап қалған бір топ жас ер адам кейін ер адамды соққыға жыққан. Видеоны нақты қай уақытта түсіргені белгісіз болған.
Алайда Абай облысы полиция департаменті оқиғаның 2023 жылы болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша тараптардың бір-біріне ешқандай наразылығы жоқ және олар жазбаша арыз беруден бас тартқан.
Еске салайық, бұған дейін 2021 жылдың қыркүйегінде Алматыда көшеде жыныстық қатынасқа түскен жұптың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған еді. Оқиғадан кейін полиция тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ азаматтардың бірі көпшілік алдында кешірім сұраған. Тексеруден соң тәртіп бұзушылардың жеке басы анықталды. Олар 1974 жылы туған У, 1988 жылы туған Е және 1990 жылы туған Т болып шықты.
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді