Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімова мен Азамат Сатыбалдының жаңа фотосессиясы желіде қызу талқыға түсті

Жұлдыз бен Азамат
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен жаңа фотосуреттерін жариялады. Өнер иелерінің ерекше образдағы фотосессиясы көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жазбасында бұл суреттердің жаңа қойылымға байланысты түсірілгенін жеткізді. Актриса спектакльдің мазмұнына тоқталып, онда махаббатпен қатар, уақыт, тұрмыс және адам жанының жарасы суреттелетінін айтты.

“Бұл қойылым – махаббат туралы ғана емес. Сезімді тұрмыс жеңген, бір кездері бір-бірін шексіз сүйген екі адамның уақыт емдей алмаған жараларының ізі жайлы...”, – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актерлердің сахналық үйлесіміне қатысты түрлі пікір қалдырды. Бірі екеуінің образын жарасымды деп бағаласа, енді бірі әзіл аралас пікір жазған. Көпшілік фотосессияның атмосферасы мен актерлердің эмоциясына ерекше назар аударған.

“Қайрекең шалқасынан түспесін”, “Жұлдызға осындай ер адам көбірек жарасады”, “Жұлдыз осы Азаматпен күшті жұп сияқты”, “Шошып кеттім ғой”, “Өте жарасымды жұп”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, жарияланған суреттер Жұлдыз Әбдукәрімова мен Азамат Сатыбалды ойнайтын “Сен және мен” драмасының премьерасына арналған.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 13 Шілде, 2026 23:20