Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлық партия Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынды

депутат этикасы
Фото: freepik.com

Қазақстандағы жеті саяси партия Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанда тіркелген жеті партия да Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну туралы құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Құжат қабылдау бүгін 13 шілде күні сағат 18:00-де аяқталды.

Партиялар ұсынған тізімдер:

  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 63 кандидат;
  • Қазақстанның Халық партиясы – 72 кандидат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33 кандидат;
  • "Ауыл" партиясы – 69 кандидат;
  • "Respublica" партиясы – 76 кандидат;
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 51 кандидат;
  • "Әділет" саяси партиясы – 186 кандидат.

Енді Орталық сайлау комиссиясы құжаттарды қарап, олардың заң талаптарына сәйкестігін тексереді. 23 шілде күні сағат 18:00-ге дейін партиялық тізімдерді тіркеу аяқталуы тиіс.

Одан кейін бірден сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталады. Ол дауыс беруге бір күн қалғанда, 22 тамызда өтетін "тыныштық күнімен" аяқталады.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 13 Шілде, 2026 20:24