Семейде көпірде жолға жатып желі үшін суретке түскен әйелге айыппұл салынды

Семейде көпірдегі қауіпті жолда әлеуметтік желіге фото жасамақ болған 35 жастағы әйел айыппұлға ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны Семейде жүрген кезінде көпірде осындай әрекетке барған. Ол фото және видео түсірмек болған. Қыз кешкі уақытта көлік жүретін көпірдің дәл жол бөлігінде жатып, камераға түскен. Сол сәтте жанынан көліктер өтіп жатқан. Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырап, полиция назарын аударған.
Қыздың жеке басы анықталып, оған айыппұл салынған. Полиция мәліметінше, оның әрекеті жол қозғалысы ережелері талаптарына қайшы.
“Әйелге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша, яғни жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін бұзуы фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – деп хабарлады Абай облысы полиция департаменті.
Бұл бап бойынша айыппұл көлемі көп емес – 2 АЕК (8 650 теңге). Алайда оның салдары қауіпті болуы мүмкін. Полиция өкілдері мұндай әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін атап өтті.
ОқыңызҚараңғы уақытта жүргізуші жол үстіндегі адамды дер кезінде байқамай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда қайғылы жағдайдың алдын алу қиын.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр