Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаншама қиыншылық болды, бәрінен өттік": Актер Жахан Отарғалиев көлікті болды

Жахан Отарғалиев
Фото: Видеодан скриншот

Танымал актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі алдымен жарына гүл шоғын ұсынып, кейін көптен бері армандап жүрген көлікке қол жеткізгенін айтты. Актердің сөзінше, бұл – отбасы үшін көптен күткен қуаныш. Ол кейінгі уақытта бірқатар қиындықты еңсергенін айтып, қазір өмірлерінде жақсы өзгерістер болып жатқанын жеткізді.

“Аллаға шүкір, бізде бәрі бар ғой. Жақында үйлі болдық. Өткеннен бері армандап жүрген затымыз бар еді ғой. Қалай істейміз, қалай болады деп жүрдік. Бізде енді көлік бар. Аллаға шүкір, қаншама қиыншылық болды, бәрінен өттік. Енді ғана бәрі жақсы болып келе жатыр. Достар, сабыр етіңіздер. Кез келген қиыншылықтың артында үлкен жеңілдік бар”, – деді актер.

Желі қолданушылары Жахан Отарғалиевтің қуанышына ортақтасып, отбасына ақ тілектерін жазды. Көпшілік актердің сабыр мен шүкіршілік туралы айтқан сөзін жылы қабылдаған.

Еске салайық, бұған дейін Жахан Отарғалиевтің үшінші рет шаңырақ көтергені белгілі болған еді. Актер үш баласы бар келіншекпен отау құрған.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 13 Шілде, 2026 21:30