Бангкоктағы бардағы өрт: Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді
Таиландта Бангкоктағы 27 адам қаза тапқан өрттен кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, қазір Таиландтың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматтарының зардап шеккені туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ Қазақстанның Бангкоктағы елшілігіне Қазақстан азаматтарынан ешқандай өтініш келіп түспеген. Министрлік жағдайдың бақылауда екенін алға тартты.
Еске салсақ, Таиландтағы барда өрт шығып, 30-ға жуық адам мерт болғаны туралы хабарлаған едік.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген