Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда үлкен қойма өртеніп қалың түтін шықты: Құтқарушылар бес газ баллонын шығарып үлгерді

Қостанайда өрт
Фото: ТЖМ

Қостанай тұрғындарын қою қара түтін алаңдатты. Қалада бір қабатты қойма өртеніп, ТЖМ қызметкерлері ішінен бес оттегі баллонын шығарып үлгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түстен кейін қала үстін қою қара түтін басып, оны бірнеше шақырым қашықтықтан көруге болған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар шатырдағы өртті сөндіруге кірісіп, өрт сөндіру штабын құрды және үздіксіз су беруді ұйымдастырған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Қостанайда өрт
Фото: ТЖМ

“Өрт аумағы 650 шаршы метрді құрады. Жеке құрам күшімен әрқайсысының көлемі 80 литр болатын бес оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деді Қостанай қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығы Аслан Махмұтов.

Оны жоюға үш жауынгерлік бөлімше, ТЖМ-нің 20 қызметкері және алты өрт сөндіру автоцистернасы жұмылдырылған.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 13 Шілде, 2026 21:47