Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зорлық-зомбылықты насихаттау": Белсенділер "Кел, татуласайық" ток-шоуының авторларын жауапқа тартуды талап етті

Қазақстандық белсенділер, заңгерлер отандық медиада зорлық-зомбылықты насихаттап жатқанына назар аударды. Әсіресе, олар "31 арнадан" бірнеше айдан бері көрсетіліп келе жатқан "Кел, татуласайық" ток-шоуының авторларын жазаға тартуды талап етті. 

Жобаның атын қойғанда бағдарлама авторлары адамдарға бір-бірімен ортақ тіл табуға көмектесу ниетінде болған сияқты. Бірақ, алғашқыды эфирде ешбір жанжал болмайды деген бағдарлама қоғамда резонанс тудырып үлгерді.

Белсенділердің назарына іліккен мына шығарылым. Бағдарлама кейіпкері Қызғалдақ 14 жасында зорлық құрбаны болып, бала босанған. Күдіктілерді ұстаған, бірақ түрмеге қамамаған. Ал баланың әкесімен Қызғалдақ татуласқысы келеді. Кәмілетке толған қыз зорлаушының әкелік міндетті мойнына алып, алимент төлеуін қалайды. Ол, тіпті, олардың араласуына да қарсы емес екенін жеткізген.

"Ұл балаға еркектің тәрбиесі керек", - дейді Қызғалдақ. 

Қызғалдақтың әкесі болған оқиғаға қызы кінәлі екеніне сенімді. Ауыл имамы да, туыс ағасы да осы ойда. Бағдарлама авторлары Қызғалдақты өзін зорлаған адаммен татуластыру үшін тіпті туған ауылына да барған.



Осы жағдайлардың бәрі көптің ашуына тиді.

"Мұндайларға керегі педофилдерді балалармен, құрбандарды өзін өлтірушілермен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресшілерді жемқорлық жасайтындармен татуластыру. Онда, адам жегіш Чикатилоны өзі жеген әйелдермен татуластырайық, бірнешеуін ғана жеді ғой. Несі бар?  Ең бастысы-кешірім?!

Содан кейін бәрі бір-бірін ұрып-соғып, тонап, зорлайды, бізде қазір керемет бағдарлама бар, кез-келген жағдайда "татуласыңыздар, татуласыңыздар, енді төбелеспеңіздер" дейді", - деп наразылығын білдірді заңгер Жанна Мұхамәди.

Ал "Немолчи" қорының белсенділері "Кел, татуласайық!" ток-шоу авторларының зорлық-зомбылықты насихаттағаны, әйелдер мен балалардың құқықтарын кемсіткені үшін өздерінің наразылықтарын білдіріп, жауапкершілікке тартуды талап етті.

"Әйелдер мен балаларды зорлау тақырыптары БАҚ-қа мұқият берілуі керек, рейтингтер мен көзқарастар үшін емес, зорлық-зомбылықты қатаң түрде айыптау үшін! Әрине, біздің сот-құқықтық жүйемізде даулы үкімдер бар, бірақ мұндай үкімдерді де дұрыс талқылау маңызды!", - деді Қорда.

Белсенділердің пікірінше, қоғамда әйелдердің жыныстық мінез-құлқы туралы келесі үш стереотип кең таралған: "әйелдер өздерін "күшпен алғанды ұнатады", "әйелдер зорлады деп жала жабады " және "зорлық әйелдер үшін жауап береді".

"Қазақстандық медиа сегментке зорлық-зомбылықтың құнын төмендететін, қоғам белсенділері мен мемлекеттік органдардың зорлық-зомбылыққа, жалған стереотиптердің таралуына және зорлық-зомбылық құрбандарын айыптауға қарсы шығудағы күш-жігерін жоққа шығаратын шоу-жобалар қосылды!

Мұндай шоу-жобалар адам құқығын, кәмелетке толмаған баланың құқығын бірнеше рет бұзады және әйелдердің құқықтарын кемсітеді!", - дейді қор өкілдері.

"Ақпарат министрлігі, мәдениет министрлігі, білім және ғылым министрлігінің назарын келесі ескертулерге аударып, қоғамның жалпы зорлық-зомбылыққа төзімділігін насихаттау, ТВ және басқа да БАҚ-та, сондай-ақ білім беру және мәдени мемлекеттік бағдарламаларда әйелдердің құқықтарын кемсіту тәжірибесін жою жөнінде шаралар қабылдауды сұраймыз!", - деді белсенділер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр