Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлық-зомбылық жасап, қашып кеткен: Ақтөбеде сегіз жасар қызға қорлық көрсеткен педофил жазаланды

Ақтөбеде сегіз жастағы қыз балаға зорлық жасаған педофил 22 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы жеткіншекке зорлық-зомбылық жасап, қашып кеткен.

Еске салайық, оқиға былтыр қыркүйекте болған. Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі жатақханалардың бірінде тұратын қыз бала сол күні үйінде жалғыз болған. Есік ұрып, үйге кірген белгісіз адам соны пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдік туғызатын дауыстарды естіген көршілері полицияға хабар берген.    

“Сот үкімімен Б.Н.Нуржанов  кінәлі деп танылып, оған сот үкімдерінің және қылмыстардың жиынтығымен түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына педагогикалық лауызымдарын атқару және кәмелетке толмаған балалармен өмір бойына жұмыс жасаудан айыру жазасын тағайындап, төтенше қауіпсіз мекемеде өтеуді белгіледі”, – дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Талқылау