"Жол жөндеуге бір тиын ақша жоқ": Рудный әкімі қала бюджетінің тапшы екеніне шағымданды
Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко бюджет көлемінің тым аз екенін айтып, жайнайқайын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тime.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала басшысының сөзінше, қаланың 46 миллиард теңге кірісінің 35 миллиарды жоғары бюджеттің пайдасына жұмсалған.
“Жолдарға, тұрғын үй қорын және жылу желілерін жөндеуге, жолаушылар тасымалын субсидиялауға бізде бір тиын ақша жоқ”, – деді әкім қалалық мәслихат депутаттары алдындағы есебі кезінде.
Айтуынша, жыл сайын алынатын қаражат көлемі артып жатыр. Ал қазір даму бюджеті тіпті 30 миллион теңгеге де жетпейтінін жеткізді. Ол жетпей жатқан қаржыны қайдан алатынын білмей дал.
“Мұндай жағдай Рудный қаласы мен оның тұрғындарына деген әділетсіз қарым-қатынасты көрсетеді”, – дейді қала басшысы.

Әкім бұл мәселені бұған дейін бірнеше рет көтерген. Ақпан айында ол жыл ортасына қарай қала бюджетінде үлкен тапшылық болатынын ескерткен еді. Сол кезде Рудный әкімдігі облысқа қаланың мәселелерін шешу үшін 13 миллиард теңге сұрап өтініш жіберген. Алайда бұл мәселе елеусіз қалған.
Сонымен қатар әкім инвесторлар мен демеушілер көмектеседі деп үміттенген. Дегенмен әзірге олардан да нақты көмек болмаған.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан