AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс берушілер енді қызметкерлері үшін қосымша 5 пайыздық жарна төлеуге міндеттелмек

Қазақстандық кәсіпкерлер қосымша бес пайыздық зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттелуі мүмкін. Жаңа норма алдағы бес жылда кезең-кезеңімен енгізілмек. Яғни, келер жылдан бастап 1,5 пайыз жарна төлесе, бұл көрсеткіш бес жылда бес пайызға жетеді. Ал кәсіпкерлер қосымша ақы аударуға түбегейлі қарсы. Сондықтан олар, міндетті төлемдерді біріктіріп, бірыңғай төлем жасауды ұсынып отыр, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметі.

Еңбек министрлігі халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында осындай істі қолға алып отыр. Сондықтан, жауапты ведомство бірнеше нұсқаға талдау жасапты. Оның біріншісі жұмыс берушілер үшін міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу. Яғни, кәсіпкерлер жұмысшылары үшін 1,5 пайыз жарна төлеуге міндеттеледі. Ал 2027 жылға қарай салық мөлшерлемесі 5 пайызға жеткізілмек. Келесі нұсқаға сәйкес, міндетті төлемдер шартты-жинақтаушы компонент ретінде емес, зейнетақы қорындағы жеке жинақ есебінде енгізу көзделген екен. 

Ал кәсіпкерлер палатасы жұмыс берушілердің салық жүктемесін арттыруға түбегейлі қарсы. Өйткені қазірдің өзінде алты түрлі міндетті төлем жасайтын кәсіпкерлерге тағы бір төлем қосылса, жағдай қиындайды. 

"Бұл жаңашылдық кәсіпкерлерді тығырыққа тірейді. Сондықтан олар бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздей бастайды. Яғни, көлеңкелі әдіс-тәсілдерге көшеді. Жұмысшыға да, өзіне де тиімді келісім жасайды. Салықтан қашады. Себебі жүктемесі көп", - дейді Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әскербек Насамбаев.

Палата өкілі бұдан гөрі міндетті жарналарды біріктіру арқылы бірыңғай төлем жүйесін жасау қажет деді. Бұл кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайтуға сеп болады екен. Сол үшін келесі жылдан бастап жарнаны 1 пайыздан, ал 2028 жылға қарай 5 пайыздан бастап кезең-кезеңімен алып тастауды ұсыныпты. Бизнесмендердің өтініші министрлікке де жеткен. Алайда ведомствоның оны қабылдауы екіталай. 



"Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын алып тастау орынсыз. Міндетті төлем азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр. Сол арқылы үш жақты еңбек қатынасы күшейіп, жұмыс берушілердің жауапкершілігі артпақ. Әрі азаматтарды зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыруға мүмкіндік бар. Бұл зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі.

Министрлік қойылған міндетке қол жеткізу үшін нұсқаларды бес балдық жүйеге бөліпті. Соған сәйкес, ведомство жұмыс берушілерді міндеттеу баламасына 5 балл, жарнаны алып тастауға - 1, жеке жинақ ретінде енгізуге - 3 ұпай қойыпты. Соған қарағанда, келесі жылдан бастап 5 пайыздық міндетті төлем кезең-кезеңімен енгізілетін секілді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр