Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыртқа бағасы бір айда 6%-ға өсті

2022 жылы қаңтар-қыркүйекте ҚР-да жұмыртқа өндірісі 3,8 млрд данаға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі EnergyProm.kz сайтына сілтеме жасап.

жұмыртқа

 Жұмыртқа өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.

Солтүстік Қазақстан облысы өндірістен көш бастап тұр. Онда өндіріс 559,9 млн жұмыртқаға жетіп, жылдық өсім 40,7%-ға тең болды. Осы көрсеткіш бойынша үздік үштікке Ақмола (555,5 млн жұмыртқа, 7,4%-ға аз) және Қарағанды (472,9 млн жұмыртқа, 2%-аз) облыстары да кірді.

Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар халық сұранысын  96,3%-ға қамтамасыз етті.

Импорт сәйкесінше 3,7%-ға тең. Елге жыл басынан бері 130,8 млн жұмыртқа әкелінді, өткен жылға қарағанда 30,9%-ға аз.

Экспорт 2,2 есе, яғни 184,5 миллион жұмыртқаға өсті.

Ішкі нарықта сату да өсті, бірақ өсім небәрі 0,7%.

Биыл бірінші санаттағы жұмыртқалардың бағасы бір айда 6,3%-ға және бір жылда 14,8%-ға өсті.

Баға өсімі Ұлытау облысында байқалды, бірден 19,8%-ға қымбаттаған. Бұдан кейін Павлодар (14,7%) және Қызылорда (13,6%) облыстарында жұмыртқа қымбаттаған.

Жұмыртқа бағасы тек Алматы облысында өзгермеген.

Жылдық динамикада жұмыртқалар Қызылорда облысында 52,2%-ға, Қостанай облысында 34,1%-ға, Батыс Қазақстан облысында 32,5%-ға қымбаттады. Алматыда, керісінше, 4%-ға, ал Жетісу облысында 0,4%-ға төмендеді.

Талқылау