"Жұлдыз бен балалары жоқ": Қайрат Нұртас туған күнін Мальдивте қарсы алды
Қайрат Нұртас 33 жаста! Меншікті мерекесін ерекше атап өтуді дәстүрге айналдырған әнші бұл жолы Мальдив аралдарына аттанды. Тек жанында жұбайы Жұлдыз бен балалары жоқ. Есесіне анасы мен туған бауырлары, тіпті болашақ келіні хитменнің қуанышына ортақтасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тек анаң үшін қуанып тұрсың, бірақ жүрегің жылап тұр. Қасыңда балаларың жоқ", "Өкінішті, бала-шағасы жоқ қасында", "Отбасымен өткізгенге не жетсін", "Неге балаңызды өз еркіне жібермейсіз, Гүлзира ханым", "Отбасына қосылып, бақытты болсын. Отбасыдан асқан бақыт жоқ", – деп жазды желі қолданушылары.
Қайрат Нұртас бұл сапарға балаларын алып баруды қалаған. Тек "қанша тырыссам да, бұйырмады" деген әнші бұған дейін әсерлі видео жариялаған еді. Онда Қайрат балаларының ән айтқан сәтін көзіне жас ала отырып тамашалауда.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты