AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Қайрекең актрисаның рөлінен шәйнектің руліне отырғызды

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа тұрмысқа шыққан соң, мамандығын ұмытып, бар уақытын отбасына арнаған. Араға 10 жыл салып, көпшіліктің алдына шыққан Жұлдыз көп ұзамай театрға қайта оралды. Актриса алғаш театрда жұмыс істеп жүрген кезін еске алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Оқуды аяқтаған жылдары театрға деген махаббатым сонша, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында контролер болып істесем де, жұмысқа кіремін деген мақсат болды. Сөйтіп сахна тарландарының өнерін аяғымнан тік тұрып тамашаладым, әр қойылымды өзіме көрсетіп жатқан шеберлік сағаты, сабағы деп қабылдадым. 2006-2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актриса болып жұмысқа орналасып, бірнеше рөлді сомдап шыққам. Сөйтіп жүргенде Қайрекең актрисаның рөлінен шәйнектің руліне отырғызды ғой.

Араға біраз уақыт салып, өсетін ұл мен қызды өсіріп, өз мамандығыма, махаббатыма қайта оралдым", – деп бөлісті Әбдікәрімова. 



Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова "Махаббат мұнарасы" атты спектакльде басты рөлді сомдады. Қойылым Түркістан музыкалық драма театрында көрсетілуде.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр