Желіде Димаш Құдайбергеннің белгісіз арумен түскен суреті талқыға түсті
Желіде Димаш Құдайбергеннің белгісіз арумен түскен суреті жарияланды. Dears фанаттар тобы қыздың кім екенін білуге асықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Суреттегі ару актриса Алтыншаш Шаяхметова болып шықты. Ол Димашпен бір колледжде білім алған. Айтуынша, 16 жасынан бері Құдайбергеновпен достық қарым-қатынаста. Ал Димаш Құдайберген әлемді шарлап жүрсе де, елге келген кезде ескі досын ұмытпайтын көрінеді.
"Еліміздің мақтанышы, қазақ жерінен шыққан әлемге әйгілі жұлдызымыз, мақтанышымыз! "Үздік халықаралық жұлдыз" атты сыйлығың құтты болсын, родной!
Өміріміздің 16-шы жылынан басталған достығымыз мәңгілік болсын! Алыста жүрсең де, елімізге оралғаныңда, ұмытпай іздейтініңе ризамын! Сені мақтан тұтамын. Аман жүр!" – деп жазба қалдырды Алтыншаш Шаяхметова желіде.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан