Жыл соңына дейін тағы үш тас жол ақылы болады
Елімізде биыл тағы үш ақылы жол пайда болады. Жүргізушілер енді Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы -Қорғас бағытымен жүру үшін ақша төлейді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Бірақ бұл автобандар 4 айдан соң толық салынып бітпек. Яғни, желтоқсаннан бастап Теміртау, Қапшағай және Қорғастың ортасында әрлі-берлі көлікпен қатынайтындар шақырымына 1 теңгеден төлеуі тиіс.
Ал жалпы 2020 жылға дейін елімізде 6 мың шақырым күре жол ақылы болады екен. Транзитті машиналарды қосқанда бұл бюджетке 30 миллиард теңге пайда түсіреді деген жоспар бар. Ақшаның бір бөлігі жолдың күтіміне жұмсалады.
Оқи отырыңыз:
Алакөлдегі әуежай құрылысына бөлінген ақшаның 28 миллионы қайда кеткені белгісіз
Өскеменде Елбасы ашқан саябақты вандалдар екі аптаға жеткізбей тас-талқан етті
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады