Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырда жоғалған қазақстандық студенттер табылды

Мысырда жоғалған қазақстандық студенттерді іздестіру нәтижесі бойынша алдын ала ақпарат түсті.

d24e4bb7d3764eef936f56a9f4b38f2e_crop_l_95_t_45_w_794_h_446

“Жаңа ғана сенімді көздерден алынған ақпарат бойынша, аталған қазақстандық студенттерді Қаир қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап алған және олар осы елдің аумағында. Олардың өмір мен денсаулығына төнген қатер жоқ.

Қазіргі кезде Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі мысыр тарапынан біздің азаматтарымызды ұсталуы, қазіргі орны мен жағдайлары туралы ресми жауап талап етуде.

Таяу арада Қазақстан елшісі Мысыр сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселе бойынша кездесу өткізбек.

Қосымша ақпарат мысыр тарапымен келіссөздер нәтижесі бойынша хабарланатын болады.

Осы мәселе Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшылығының бақылауында”, деп жазады баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Осыған дейін Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді іздеу әлі жалғасып жатқанын ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Жоғалған студенттің әкесі оларды “әскери адамдардың алып кеткенін” хабарлаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан 5 науқастың жағдайын айтып берді

Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты

Талқылау