Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді іздеу әлі жалғасып жатыр

Египетте жоғалып кеткен қазақстандықтардың екеуі Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері қазақ мемлекеттік университетінің магистранттары екен.

d24e4bb7d3764eef936f56a9f4b38f2e_crop_l_95_t_45_w_794_h_446

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Соңғы екі барған студент Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері қазақ мемлекеттік университетінің магистранттары. Қазір біздің дипломаттар жоғалғандардың туыстарымен жақын байланыста. Біздің дерек бойынша жоғалған алтауы да бір пәтерде тұрған. Египеттегі Қазақстан елшілігі сол елдің сыртқы істер министрлігіне жоғалған студенттерді табуға көмектесуді сұраған нота жіберді. Іздеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда”, – деді баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Сондай-ақ, ҚР СІМ мәліметінше, алты студент те Кирдағы “Ніл” оқу орынында орналасқан тіл курсынан өтуге тиіс болған.

Бұған дейін Египетте тіл үйренуге барған 6 қазақстандық студент жоғалып кеткені хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақ әншісі 1 теңгені менсінбеген қазақ әйелін ұялтып тастады

Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты

Таразда салмағы 6 келі 265гр сәби дүниеге келді

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды (видео)

Талқылау