Жұбайына арнап ас әзірлеген Қайрат Нұртастың әкесі елді сүйсінтті
Гүлзира Айдарбекова ұлымен бірге гастрольдік сапарларға шығып, ел аралап жүрген уақытта, жұбайы Нұртас Айдарбеков бар уақытын немере тәрбиесіне арнауда. Қолы қалт етсе, қолына домбырасын алып, бүлдіршіндерге ән-жырдан шашу шашатын әдетін Instagram қолданушылары жақсы біледі. Бұл жолы хитмен Қайрат Нұртастың әкесі өзге қырымен көпшілікті таңғалдырды. Ол жұбайына арнап ас әзірледі, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мама келеді деп, папа өзі тамақты дайындаймын деді. Негізі келін болып түскенде анамыз фильм түсіріп, көбінесе Алматыда жүрген, содан тамақ дайындауға атамыз @aidarbekov_nurtas үйреткен болатын. Осы күнге дейін анда-санда осындай мастер класс көрсетеді", - деп бөлісті Әйгерім Саркенова.
Желі қолданушылары Айдарбековтың бұл қылығына тәнті болып, таңғалды.
"Осындай атадан айналасың ғой, шіркін. Аман болсын", "Жақсы ата, көңілді отбасы", "Қайын аталар жасасын", "Атаңыз керемет. Бізге де сабырлы ата, салиқалы ене болуды нәсіп етсін", - деп тілек білдірді оқырмандар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі