Назарбаевтың хатшысы болған Жетісу облысының әкімі тұңғыш президент жайлы не ойлайтынын айтты
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 30 жыл елді басқарған Назарбаев дәуірінде жүйелік кемшіліктер болғанын айтты. Облыс әкімі қоғам тарапынан Назарбаев пен оның отбасына қатысты жағымсыз пікірлердің қаншалықты орынды екеніне қатысты да пікірін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу өңірінің басшысы 30 жыл ішінде біраз салада кемшілік болғанын жасыра алмайтынын жеткізді. Дегенмен халықтың пікіріне баға бере алмайтынын сөз етті.
“Әр қоғамның, әр уақыттың өз талабы болады, өзінің қажеттілігі болады. Сондықтан өткеннің барлығын жаман деп айтуға тағы болмайды. Иә, экономикамызда, бәсекелестікте тағы басқа салаларда жүйелі кемшіліктердің болғаны рас. Сондықтан уақыт өзінің бағасын береді. Кемшіліктердің болғаны рас. Жетістіктердің де болғанын жоққа шығара алмаймын. Қоғамның, халықтың пікірі өз бағасын білдіреді деп ойлаймын”, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, Бейбіт Исабаев 2008 – 2009 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған. Қазір ол жаңадан құрылған Жетісу облысын басқарады.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек