Журналист Михаил Козачков 3,5 жылға шартты түрде сотталды
Журналист Михаил Козачков 3,5 жылға шартты түрде сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналиске қатысты сот үкімін Алматы соты шығарды.
Еске салайық, қаржы мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачковты қылмыстық топқа рейдерлік басып алулар жасауға көмектесті деген күдікпен ұстаған еді.
Кейін Ақорда журналистің ұсталуына қатысты пікір білдіріп, қылмыстық істі заңнамаға сәйкес тек құқық шеңберінде ғана қаралу керегін мәлімдеді.
"Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс", - деді Руслан Желдібай.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады