Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Козачковтің ісі заңнамаға сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс - Ақорда

Белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачковтың ісі заңнамаға сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс, дейді президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Козачков коллаж

Желдібай жазбасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдағанын атап өткен.

"Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс", - дейді ол.

Еске салайық, Михаил Козачковты 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі ұстап, Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобымен рейдерлік тәркілеуге қатысы бар деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамаған.

19 желтоқсанда “Время” газетінің редакциясы қаржы мониторингі агенттігі таратқан журналист Михаил Козачковты ұсталуына байланысты мәлімдеме жасап, мұны журналистің қызметтік бабымен байланыстырған.

Сонымен қоса "Әділ сөз" қорының басшысы Козачковтың құқықтарының өрескел бұзылғанын айтқан.

Талқылау