"Жүрегіне қайшы қадаған": Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды
Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің "Суицидке жеткізу" бабы бойынша дереу тіркелді.
"Мерт болған азаматтың отбасылық қарым-қатынастарда жеке проблемалары болған. Бұл қылмыстық істі тергеу аясында да тексеріледі", – деп түсіндірді аймақтық ПД.
Ол өзінің жүрегіне қайшы тыққан делінеді.
Қазір құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайларын толық тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындап, қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Облыстық полиция бастығы тергеу барысын жеке бақылауға алды.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар