Жүкті әйел көшенің қақ ортасында сәби босанды (видео)
Қытайдың Чжэцзян провинциясында жүкті әйел көшенің ортасында кенеттен босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sakshipost-қа сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні, 4 мамырда қытайлық Чен есімді жүкті әйел досымен серуендеуге шықты. Кенеттен оның толғағы басталып, ол шулы көшенің тротуарында бала туды. Оқиға бақылау камераларына түсіп қалды.
Бейнеде әйелді қоршап алып, жедел жәрдем шақырып, асфальтқа құлаған баланы көрпеге орап тастағаны көрсетіледі. "Бұл ұл бала еді, мен оның ерні қара екенін көріп, қорқып кеттім. Мен оны көтеріп, бірнеше рет арқасынан қақтым, содан кейін ол қызғылт болып, айқайлай бастады. Сол кезде мен оның жағдайы жақсы екенін түсіндім", - деді Чен журналистерге берген сұхбатында.
Дәрігерлер ана мен жаңа туған нәресте ауруханадан шығарылғанын хабарлады, өйткені олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар