Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол ережесін бұзған Қайрат Нұртастың жүргізушісі жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде танымал хитмен отырған автокөліктің көлік қозғалысына тыйым салынған жермен өтіп бара жатқан видеосы тарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/kair_n

Талдықорғанда ән кешін өткізген Қайрат Нұртас тағы да дауға ілікті. Әнші мен оның жүргізушісі көлік қозғалысына тыйым салынған Талдықорғанның орталық алаңынан жүріп өтіп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген.

Мұны байқаған желі қолданушылары заңның бәріне ортақ екенін алға тартып, ереже бұзғандардың жазалануын талап етті.

“Заң бәріне бірдей, барлығымыз бағынуға тиіспіз”, “Қайрат болсын, басқа болсын, заң бәріне ортақ”, “Айыппұл төлесін”, – деп жазды желідегілер.

Тәртіп сақшылары да өз кезегінде болған жағдайға қатысы мәлімдеме жасады.

“Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – дейді полиция департаментінің өкілдері.

Талқылау