Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылқыны қазақша атаудың 60 жолы

Қазақ тілінде бір мағынадағы сөзді әртүрлі жолмен атауға болады. Бүгінгі материалымызда жылқыға байланысты атаулар жүйесін ұсынамыз. 

Тұқымына қарай: арғамақ, қазанат, абы, тобышақ, текежәуміт, қазақы ат, қарабайыр, пырақ, дүлділ.
Шабысына қарай: арғамақ, жүйрік, қазанат, тұлпар, абы, сәйгүлік, тобышақ, саңылақ, текежәуміт, бәйге ат, қазақы ат, қарабайыр, пырақ, дүлділ.

Мініс аттары: жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалған жорға.

Салтанатқа мінетін аттар: аяқ ылау, жетек ат, қосақ ат, түп ат, көсем ат.

Өсуіне қарай былайша бөлінеді:

Құлын - биенің жас төлі.
Жабағы - 6 айдан асқан құлын
Тай - жылқының бір жастағысы.
Құнан - жылқының екі жастағысы.
Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)
Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):
Ат - піштірілген еркек жылқы.
Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
Пішпе - піштірілген жылқы.

Биенің атаулары:

Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.

Сүтіне қарай биелер:
Мама бие - өте сүтті бие.
Мәнерсіз бие - сүті аз бие.
Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.

Қысырақ атаулары:

Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.
Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.
Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие.

Айғырлардың атаулары:
Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.
Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.
Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.

Талқылау
Пікір
Rachil
27 Сәу, 21 жыл - 19:22

Сәлеметсіздер ме?! Байтал, сойтал сөздерінің мағынасын кім біледі? Қазақта жағымсыз мәнде қыздарға айтылатын сойталдай боп деген сөз бар.  Ақша жілік деп - жауырын мен кәрі жіліктің ортасындағы жілікті айтады, кейде оны күң жілік деп те атайды, кәделі сүйек таппай қалмаса, үй бибісі ақша жілікті сыйлы қонаққа бермейді, тек амалсыздан әйел адамдарға ғана береді.