Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылына 110 миллион теңге": Қоғам белсенділері шенеуніктер мен атақты адамдар жерленетін вип-бейіттердің жағдайына наразы

Қоғам белсенділері Ұлттық пантеонға ерекше көңіл бөліп, бюджеттен көп қаржы бөлінетінін сынға алды. Айтуларынша, элиталы адамдар жерлерген аймақты баптау үшін жылына 110 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ерлан Сәкеновтың Facebook парақшасынан

Қоғам белсендісі Ерлан Сәкенов Ұлттық пантеоннан түсірілген фотосуреттермен бөлісті. Айтуынша, осыған дейін төрт орын қалды деп айтылған, бірақ бос жер өте көп. Ол төрт емес, одан да көп жерлеу өткізуге болатынына сенімді. 

“Шенеуніктер мен танымал адамдардың элиталы қабірлерін баптап, жанынан гүл өсіріп, топырағын қопсытып тұрады. Бірақ мұнда келушілер жоқтың-қасы. Мұның бәрі бюджет қаражатынан”, – деді Сәкенов. 

Мәжіліс депутаты, журналист Сергей Пономарев пантеонда тек Қазақстан тарихына үлес қосып, із қалдырғандар жерленеді деп жоспарланғанын айтты. 

“Тек ұлы тұлғалар жерленетін пантеонның лезде толып кеткен. Жыл сайын пантеон үшін жылда бөлінетін 110 миллион теңге нақты не нәрсеге жұмсалады? Қазақстанда қаржы жетпей жатқан қаншама жоба бар. Бюджетті үнемдеу үшін бұл шығынды қайта қарастыруды ұсынамын”, – деді депутат.

Ол салыстырмалы түрде ірі жобаларға сонымен бірдей ақша бөлінетінін түсіндіріп өтті. Ол маңызды жобалардың қаржысы пантеондарға жұмсалатын қаржы деңгейімен бірдей екеніне наразы.

Жоғары сейсмикалық аймақта жүзден астам ғалым жұмыс істейтін академиялық сейсмология институтына жыл сайын 115 миллион теңге бөлінеді. Жүздеген мың халықтың тағдыры мен қауіпсіздігі осы адамдардың қолында. Алматының шетіндегі "Алатау" шағын ауданына жаңа бассейні бар спорт орталығына 140 миллион теңге бөлінген. Бұл – ауыл-аймақтағы жүздеген баланың болашағы”, – деді ол.

Естеріңізге салсақ, Астанадағы Ұлттық пантеонда орын таусылып жатқаны хабарланды. Астана қаласы мәслихатының қорымдарды күтіп ұстауға арналған отырысында зиратты кеңейту туралы тақырып қозғалды. 

Талқылау