Астанадағы Ұлттық пантеонда орын таусылып жатыр
Ұлттық пантеонда тек 4 бос орын қалды, зиратты кеңейту керек. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының қорымдарды күтіп ұстауға арналған отырысында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Елордадағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбек-ұлының айтуынша, пантеонда 25 орынның төртеуі ғана бос қалған. Зират аумағын кеңейту қажет.
"Пантеон туралы бөлек жиналыс болады. Құжаттарды дайындаңыздар, тамыз айының басында барамыз, сырттай жиналыс өткіземіз", – деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
Ұлттық пантеон Қазақстанның дамуына, еліміздің ғылымы мен мәдениетіне елеулі үлес қосқан көрнекті қайраткерлерді жерлейтін орын. Ол Астанадан 17 шақырым жерде Қабанбай батыр кесенесінің айналасында орналасқан және төрт гектар аумақты алып жатыр. Дәрменияр Қыдырбекұлының айтуынша, биыл пантеонды күтіп-баптауға 40 миллион теңге, аумақты абаттандыруға 70 миллион теңге бөлінген.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан