Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1960-жылдардың жабдықтары: Не себепті Сәтбаевта жыл сайын қара қар жауады? (видео)

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында ақ үлпа қар қара түске боялды. Тұрғындар мұндай жағдай жергілікті қазандықтың мұржасынан шыққан күйенің кесірінен болып отыр дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин 

Әлеуметтік желіде Сәтбаев тұрғындарының бірі қардың қара түскен боялған видеосын жариялады. Олар қазандықтан шыққан күйенің жер-көкті ластағанына наразы. Олар мұндай жағдай жыл сайын қайталанады деп отыр.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, "Қазақмыс" корпорациясы жылу өндіру мақсатында арзан көмір пайдаланады. Есесіне тарифтердің өсірмей отыр. Бұл фактор экологиялық жағдайға теріс әсер етіп, жабдықтың жұмыс тиімділігін төмендетеді. 

“Жылу энергиясын өндіру үшін қалалық қазандық “Жастар” разрезінің көмірін пайдаланады. Оның арзандығы тарифтердің өсуін тежеуге көмектеседі. Бірақ оның сапасы қоршаған ортаға және жабдықтың жұмысына зиян. Қазандықтың негізгі жабдықтары 1960 жылдардың басында пайдалануға берілген және айтарлықтай тозған. Ал газ тазалау жүйелері заманауи экостандарттарға сәйкес келмейді”, – дейді әкімдіктегілер. 



Сондай-ақ олар 2024 жылы жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 1,6 млрд. теңге қаражат кеткенін атап өтті. Жылу энергетикалық компания қазір экологиялық өнімділікті жақсартуға және кешенді экологиялық рұқсат алуға бағытталған ең жақсы, қолжетімді технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жасап жатыр. 

Әкімдіктің мәліметінше, Сәтбаев қаласының барлық жеке баспананы газбен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп жатыр. Бұл қазандықтағы жүктемені және атмосфераға шығарындыларды азайтайтын көрінеді.

Бұған дейін Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар анықталған еді.

 

Талқылау