"Жыл нокауты". Eurosport қазақстандық боксшының өнеріне тәнті болды
Eurosport телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахметтің жеңісіне тәнті болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дубайда өткен бокс кешінде Тұрсынбай Құлахмет қарсыласы венесуэлалық Эбер Рондонды 70 секундта жеңді. Алдымен ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынан сұлатып түсірді.
"Жыл нокаутына үміткер. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жылдың үздік нокауты атағына үміткердің бірі болды. Ол Эбер Рондонды бір раундта жеңіп, орта салмақтағы WBC International белбеуін қорғады", - делінген Eurosport.es телеарнасының сюжетінде.
Тұрсынбай Құлахмет осы жеңісінен соң BoxRec рейтингінде көтеріліп, 139-шы орыннан 187-ші сатыға жоғарылады.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы кәсіби рингке келгелі 3 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ал әуесқой бокста Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында жүлде алған.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”