Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында мектеп оқушыларына ақылы интимдік қызмет көрсету туралы нұсқаулықтар таратылған

Текелі қаласында мектеп оқушыларына арнайы шақырылған психолог интимдік қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне арналған әдістемелік құралдар таратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқушылардың ата-аналары болған жағдайдан кейін шу шығарған. Кейін психологке жаппай шағым түсірген. Нұсқаулықта жаныстық қатынас кезінде түрлі жағдайлардан қалай қорғану керектігі жазылған. 

Жетісу облысының білім басқармасы болған жағдайға түсініктеме берді. 

 

Басқарманың мәліметінше, құқықтық апта аясында №8 мектепте 7-9 сынып оқушыларының кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы және қалалық аурухананың психологымен кездесуі өткен. Оқушылармен әңгіме жүргізіліп, "Буллинг" және "Кибербуллинг"тақырыбында бейнероликтер көрсетілген. 

“Қалалық аурухананың психолог дәрігері ЖИТС орталығы бекіткен буклеттерді таратқан кезде басқа жас топтарындағы науқастарға арналған буклеттер оқушыларға қате таратылып кеткен. Осы жағдайдан кейін қалалық аурухана әкімшілігі мектеп басшылығымен бірге ата-аналармен кездесу өткізіп, мақсатсыз ақпараттық материалдарды таратуға жол бергені үшін кешірім сұрады", – делінген хабарламада.

Жақын арада оқушылармен жұмыс істеу кезінде мұндай жағдайлардың алдын алу және Текелі қаласының ата-аналар комитетімен, білім бөлімімен және қоғамдық палатасымен бірлесіп осындай жұмыстың белгілі бір форматын әзірлеу мәселелері бойынша "дөңгелек үстел" өткізіледі.

"Қала білім бөлімі абайсызда жіберілген қателік үшін мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді", – деп атап өтті ведомствода. 

Қазіргі уақытта білім басқармасының басшысы қызметтік тергеу жүргізуде.

Талқылау