Жетісу облысында көпбалалы ананы отырыс кезінде өлтіріп кетті
Жетісу облысы Ескелді ауданында отырыс кезінде 6 баланың анасы кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com
Облыстық полиция департаменті ішімдік қойылған отырыс кезінде әйел адамның кісі қолынан қаза тапқанын растады.
“Ескелді аудандық полиция бөлімі алкогольдік ішімдік ішу кезінде адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды”, – деп мәлімдеді полиция.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болады.
Құқық қорғау органдары алкогольді шамадан тыс пайдалану қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін ер адамның үйлену тойынан 2 ай өткен соң әйелін электрлі арамен өлтіргені туралы жазған едік.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын