Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Amanat партиясының мүшесі жеті жасар балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді

Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақсу аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Gov.kz

Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растады. Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Ақсу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 



“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберіндегі басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай жарияланбайды”, – делінген хабарламада. 

Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

"Аманат" партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-басшысы 2024 жылдың 1 тамызында өз еркімен қызметінен кетті”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында ер адам 4 баланы азаптап, зорлады деген күдікке ілінген еді. 

Еске салсақ, Алматы облысы Жамбыл ауданында белгісіз ер адамның төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптағаны туралы жазған едік. Кейіннен балаларға шабуыл жасады деген күдікті ер адам қамауға алынды. Бұған дейін 47 жастағы ер адам азаптаған төрт баланың көршілері болған жағдай туралы айтып берген еді.

Талқылау