Байлап тастап, ұрып-соққан: Алматы облысында ер адам 4 баланы азаптап, зорлады деген күдікке ілінді
Биыл ақпан айында Алматы облысында үйге басып кіріп, балаларға шабуыл жасаған ер адамға қатысты үш бап бойынша тергеу аяқталды. Сондай-ақ күдікті “Зорлау” бабы бойынша тергелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Прокуратураның мәліметінше, үйге баса-көктеп кірген ер адамға қатысты үш бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді:
- Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1 бөлігі – Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа бару. Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4 бөлігі – Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдана отырып не оны қолданамын деп қорқыту арқылы не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсу;
- Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігінің 5, 7-тармақтары – "Кәмелетке толмаған адамға, екі немесе одан да көп адамға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру;
- Қылмыстық кодекстің 149-бабы 2-бөлігі – Күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе түнгi уақытта жасалған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты тұрғынжайдан заңсыз шығару.
“Зерттеу нәтижесіне сәйкес істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу мәселесі шешіледі", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Еске салсақ, Алматы облысы Жамбыл ауданында белгісіз ер адамның төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптағаны туралы жазған едік. Кейіннен балаларға шабуыл жасады деген күдікті ер адам қамауға алынды. Бұған дейін 47 жастағы ер адам азаптаған төрт баланың көршілері болған жағдай туралы айтып берген еді.