"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды
"Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Дөңсебаевтың қамауға алынғанын мәлімдеді.
"Сот шешімімен тергеу органдарының Дөңсебаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – деп түсіндірді сот.
Ол 1,8 миллиард теңгені ұрлады деген күдікке ілінді.
Еске салсақ, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бапкері қызметінен кеткені айтылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі