Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері қызметінен кетті
Футболдан Қазақстан құрамасын бірнеше жыл жаттықтырған бас бапкер Магомед Адиев қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев енді футболшыларымызды жаттықтырмайды. Жыл басында Грозныйдың "Ахмат" клубының бас бапкері атанған ресейлік маман отбасылық жағдайына байланысты Қазақстан құрамасын жаттықтыра алмайтынын айтып, қызметінен кетті. Қазақстан футбол федерациясы келесі аптаның басында жаңа бапкерді тағайындайды.
Айта кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бастап жаттықтырды. Адиевтің қол астында Ұлттық құрама 21 ойын өткізіп, соның он бірінде жеңіске жетіп, тоғыз рет ұтылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

