Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті: Қос президент Украинадағы қақтығысты тоқтатуды талқылады

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме шамамен бір сағатқа созылды. Кездесу барысында тараптар Украина мен Иран төңірегіндегі ахуалды жан-жақты талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп әңгіме барысында қақтығысты мүмкіндігінше тез арада тоқтату мәселесін қайта көтерген. Өз кезегінде, Путин Ресейдің келіссөздерден бас тартпайтынын, бірақ "арнайы әскери операцияның" барлық мақсаттарына қол жеткізетінін айтқан.
Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар Ирандағы жағдайды кеңінен талқылаған.
"Иран төңірегіндегі жағдай жан-жақты қаралды. Ресей тарапы қақтығысты демократиялық жолмен шешу қажет екенін баса айтты", – деді Ушаков.
Еске салайық, бұған дейін Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесіп, Ресей аэродромдарына жасалған шабуылдарды талқылаған еді.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген