"Жетібай-Жаңаөзен" тас жолы уақытша ұшақтарға арналған ұшу жолағына айналады
10 маусым мен 19 шілде аралығында "Жетібай-Жаңаөзен" автожолының 28-31 шақырымдық бөлігі (аэродромдық учаскесі) барлық көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Маңғыстау облысы филиалы тас жолдың қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің оқу-жаттығу өткізуіне байланысты жабылатынын мәлімдеді.
Аталған жол учаскесінде Жаңаөзен бағытына және қарама-қарсы бағытта көлік қозғалысы айналма жол бойымен ұйымдастырылмақ.
“Жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, уақытша жол белгілері талаптарын орындауға және айналма жолмен жүруге шақырамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыдағы тағы бір көше қыркүйек айының ортасына дейін жабылатыны туралы жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"