Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті жасар Милана Давыдованы өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Милана Давыдованы айуандықпен өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыздың анасы қылмысқа сыбайлас болғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Сотталғандар өз кінәларын мойындамады.

"Сотталушылардың әрекеттері аса ауыр қылмыстар санатына жатады және негізгі жаза ретінде 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Әбілдинов қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмаған адамды аса қатігездікпен өлтіру” бабы бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған қауіпсіздігі жоғары мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды", – деді судья Нұрлан Қайырбеков.

Сондай-ақ ер адам алкогольге тәуелділіктен емделеді.

Қылмыстық кодекстің 46-бабының 4-бөлігіне сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы әйелдерге тағайындалмайтынына байланысты, сот әйелге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.



"Давыдоваға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарылды", – деді СМУ судьясы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін бірден айыпталушы наразылық белгісі ретінде өзіне зақым келтірген.

Еске салсақ, сұмдық оқиға былтыр қараша айында Бесқауға ауылында болды. Із-түссіз жоғалып кеткен жеті жасар Милана Давыдованы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылды. Бірнеше күннен кейін безбүйрек ана жасаған қылмысын мойындап, қаршадай қызының денесі жасырылған жерді көрсетіп берді. Сондай-ақ жантүршігерлік қылмысқа тағы бір ер адамның қатысы бары анықталды. Ол әйелге қыздың денесін жасыруға көмектескен.

Талқылау