"Қазақ қызына тән қылық емес": Say Mo теңіз жағасынан фото жүктеп, сынға қалды
Танымал рэпер, әнші Say Mo шетелдегі демалысын көрсетіп, оқырмандарынан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/say_mo__/
Өнер иесі өткен жылы Таиландтағы демалысындағы фотоларын биыл көпшілікке көрсетті.
“Былтыр Таиландқа демалуға бардым. Ал фотоларымды енді жүктеп жатырмын. Әдеттегідей есімнен шығып кетіпті”, – деп жазды әнші.
-
Атышулы әнші Say Mo құрбысының тойында билеп, желіні шулатты
-
"Бағалай бастадым": Әнші Say Mo Darkhan Juzz дүниеден өткенде қандай күйде болғанын айтты
Желі қолданушылары жартылай жалаңаштанған әншіні аямай сынап тастады.
“Жердің үсті сынақ екені белгілі ғой. Алайда жердің астында сұралатынымызды ұмытпайық. Жабық киініп жүрсеңіз нұр үстіне нұр болатын еді. Онсызда бойыңызда талант жетіп артылады”, “Түгел жалаңаштаныпты”, “Теңіз де, қыз да әдемі”, “Енді бұл әншіні оқымаймын”, “Қазақ қызына тән қылық емес” деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Еске салайық, хиджаб киіп, мешіт аралаған Say Mo елден сөз естігенін жазған едік.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
