Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы әнші Say Mo құрбысының тойында билеп, желіні шулатты

Атышулы әнші Say Mo достарының тойында билеп, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан кадр

Көпшілікке Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембек құрбысы Индира Еділбаеваның тойында қадірлі қонақтардың қатарынан табылды. Той барысында қонақтар ойын ойнап, би биледі. Мөлдір де қарап тұрмай өз өнерін көрсетті. Тойға нәзік образбен келген Say Mo ән қосыла сала сальто жасап, шпагатқа отырды. Беріле билеген Мөлдір көпшілікті тәнті етті.

Қазақ эстрадасындағы өжет қыздардың бірі Мөлдір Есембек таңғалдырудан жалықпайды. Say Mo-ның биі желі қолданушыларының басым көпшілігін таңдай қақтырса, енді бірі жас әншіні сынап тастады.

“Керемет биледі”, “Мықты”, “Біздің қыз от қой”, “Ғажап”, “Жарды”, “Ғашық болып қалдым”, “Қатырдым деп тұр ма?”, “Осыдан кейін бәріне енем кінәлі деп қалай айтады?”, “Айттым көп ішпе, көтере алмайсың деп”, “Жиіркенішті”, “Масқара”, – деп жазды желідегілер.

 

 

Талқылау