AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Сейдолла эстрада-цирк колледжінің директоры болып тағайындалды

Әнші Жеңіс Сейдолла Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. 

"Жеңіс Сейдуллаұлы "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі" РМҚК директоры қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

Жеңіс Сейдолла – 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1982 жылы Шымкент музыка училищесін бітірген, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. 

Әр жылдары "Арқас" ансамблінің аспапшы-артисі, "Гүлдер" мемлекеттік ансамблінің бас дирижері, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисі болып жұмыс істеген. 

"Гүлдер" ансамблінің директоры, Алматы қаласы "Қазақ әуендері" АҚ өңірлік директоры, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры қызметтерін атқарған. 


Динара Алимова премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды


2016-2018 жылдары- Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақконцерт" ұйымын басқарған.

Айта кетейік, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова енді "Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымын" басқарады.

Сондай-ақ, жуырда актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр