AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

Азамат Сатыбалды Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қуанышты хабарды Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жеткізді. 

"Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!

Өнер адамының тағдыры ерекше! 

Қалың көрермен қауым АЗАМАТТЫ театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде таниды.
Стивен Кингтің "Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде" деген керемет сөзі бар.
Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген АЗАМАТТЫҢ қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол.


"Ісіндіретін екпе салдырдым": Азамат Сатыбалды Мұқағалиді сомдау үшін 20 күнде 12 келі салмақ қосқан


Азамат Сатыбалдыұлын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне сəттілік және табыс тілеймін!" - деп тілек білдірді ол. 

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды 2018 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын басқарып келді. Бұған дейін актердің театр директоры қызметінен кеткенін жазған едік. Оның орнына Есеналиев Талғат Қамқабайұлы тағайындалды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр