AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол елордадағы "Қазақконцерт" концерт ұйымын басқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгіннен бастап еліміздің ең ірі концерттік ұйымы – "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының басшысы қызметіне кірістім", - деп хабарлады Райымқұлова.

Қазақконцерт – 60 жылдық тарихы қазақ музыкалық өнерінің қара шаңырағына айналған үлкен мекемелердің бірі. 2016 жылдан бері ұйымның бас кеңсесі елордадағы "Қазақстан" орталық концерт залында орналасқан. 2021 жылы ұйымға КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді.

"Алдағы уақытта осы концерттік ұйымның және қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өз үлесімді қосып, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес халық пен мәдениеттің арасында тікелей диалог орнатып, Жаңа Қазақстанды құруға өз күшімді саламын. Жалпы, музыка өнерін халыққа қолжетімді етіп, мәдениетті насихаттап жүрген "Қазақконцерт" ұйымы мен үшін жат орта емес. Сондықтан мәдениет саласындағы ұзақ жылғы тәжірибем де, шығармашылық қабілетім де осы мақсаттың жүзеге асырылуына бағытталады", - деп жазды ол.

Айта кетері, Ақтоты Райымқұлова 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың басына дейін мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр