Желіде жоғалып қалған чемодандар арзанға сатылады деген ақпарат тарады: Алматы әуежайы мәлімдеме жасады
Алматы әуежайында жоғалған немесе ұмытылған чемодандар сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған ақпарат "Қайырымдылық шарасы" аясында чемодандар бар болғаны 1099 теңгеге сатылып жатыр делінген.

Алматы халықаралық әуежайы желіде тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді.
"Желіде жоғалған чемодандардың сатылатыны туралы тараған ақпаратқа қатысты Алматы халықаралық әуежайы мұның сенімді емес екенін хабарлайды. Алматы әуежайы мұндай акциялар мен аукциондарды өткізбейді. Алаяқтардан сақ болыңыздар!" – деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған