Желіде жаралы бұланның адамға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады
Желіде ашулы әрі жаралы бұланның аңшыға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Алайда бұл жағдай Қазақстанда болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандайғ желіде тараған видеодағылар Якутия тұрғындары. Кадрларда ер адамдардың бірі бұланға оқ атқан. Сосын жараланған жануар аңшының өзіне шабуыл жасаған. Ірі жануардың досын тұяғымен тепкілеп жатқанын көрген екінші аңшы жағдайды ушықтырмас үшін бұланды атуға батылы бармаған
Оқиғаны алғашында видеоға түсірген көлік жүргізушісі ашулы бұланды қорқытпақ болған көрінеді. Жағдайдың қалай әрі немен аяқталғаны белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сирек мекендейтін сілеусін, сібір тау ешкісі және бүркіт видеокамераға түсіп қалғаны туралы жазған едік.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып