Желіде ұзату тойында анасының аяғын сүйген қыздың әрекеті қызу талқыға түсуде (видео)
Қазақстандықтар ұзату тойында анасының аяғын сүйген қыздың әрекетін қызу талқыға салуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрлардан қыздың еңкейіп, анасының аяғын сүйіп жатқанын көруге болады. Видео авторы желі қолданушыларынан мұның қандай салт екенін сұрады. Ал желі қолданушылары қазақ халқында мұндай дәстүрдің жоғын айтып, жабыла пікірлерін жаза бастады.
"Кей ақылға сыймайтын әдет-ғұрыптарды өзімізге қабылдауды тоқтату керек. Қазақта мұндай салт жоқ", "Аяқты сүю деген дәстүр жоқ. Жәй алғысын айтып, сүйгісі келген шығар", "Қызыңның аяғыңнан сүйгені неткен ұят. Бұл қызды қорлау ғой", "Ол мұны шын жүректен жасап тұр. Жұмақ ананың табанының астында. Анасының табанын сүйді, тамаша емес пе?", "Қазақта ондай салт жоқ. Бұл жаңа нәрсе. Мен келіндерімнің бұлай жасауына жол бермес едім", - деді олар.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"