Желіде Сардоба бөгетінің жарылу сәтінің видеосы пайда болды
Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылған сәтінің видеосы желіде таралып жатыр. Экологиялық апат көрінісін өзбек БАҚ-ы жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Repost.uz-ге сілтеме беріп.

Видео тікұшақтан түсірілген болуы керек. Кадрлардан су қоймасының шекарасы мен су жарылған жер көрінеді.
Бөгеттің бұзылуы салдарынан 276 шаршы шақырым су астында қалды, оның 76-сы Қазақстан территориясына тиесілі. Елде 10 елді мекен су астында қалып, эвакуацияланған тұрғындардың саны 30 мыңнан асты. Тек өсімдік шаруашылығына келтірілген зиян, алдын-ала мәліметтер бойынша, шамамен 404 миллион теңгені құрады.
Қазіргі уақытта Түркістан облысындағы жағдай тұрақтанды. Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендеріндегі су деңгейі төмендеп жатыр. Аудандағы тағы жеті елді мекеннің тұрғындары үйлеріне қайта оралды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды