Маңғыстауда ер адам әйелін балалар алаңында соққыға жыққан (видео)
Желіде ер адамның балалар алаңында әйелін ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Полицияның мәліметінше, оқиға 7 сәуір күні Маңғыстау облысында болған.
Видеодан әйелдің жанында баласының ойнап жүргенін көруге болады. Ер адам әйеліне жақындап, жұдырығымен соққы жасайды. Сосын жағасынан ұстап, итеріп жібереді, әйел жерге құлайды.
"Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар туралы іс сотқа жолданған.
Еске салсақ, бұған дейін алматылық қызды бұрынғы сүйіктісі ұрып-соғып, интимдік видеомен бопсалағаны туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар